Ертөстік
Қабылдау бөлімі:
(872637) 2-10-44
+77072787737
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Күншуақ" мектепалды тобы "Сауат ашу" еліне саяхат ойын іс - әрекеті
03
апрель
2023
"Күншуақ" мектепалды тобы "Сауат ашу" еліне саяхат ойын іс - әрекеті
"Күншуақ" мектепалды тобы тәрбиеленушілері "Сауат ашу" еліне саяхат жасап "Дыбыстар", "Сөз", " Буындар" аялдамаларына тоқтап, тапсырмалар орындады. Мақсаты: балалардың сөйлеу біліктері туралы білімдерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөздерді буынға бөлу арқылы саны мен ретін анықтау.
"Балақай" ересек тобының "Жайлауда" тақырыбында ойын түрінде іс- әрекеті
03
апрель
2023
"Балақай" ересек тобының "Жайлауда" тақырыбында ойын түрінде іс-
"Балақай" ересек тобының тәрбиешісі Н.Ибрагимованың ұйымдастыруымен "Жайлауда" тақырыбында ойын түрінде іс- әрекет өтті. Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін  толықтыру,олардың пайдасы  мен маңызы туралы түсініктерін  кеңейту. Түрлі ойындар арқылы  тілдерін дамыту және адамдарға  пайдасын айтып , еңбек сүйгіштікке  тәрбиелеу.
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған қолөнер көрмесі
20
март
2023
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған қолөнер көрмесі
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында балабақша педагогтері ата - аналармен бірлесе отырып, ұлттық нақышта жасалған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды.
"Отбасымен бірге" атты отбасылық эстафета
23
февраль
2023
"Отбасымен бірге" атты отбасылық эстафета
2023 жылдың 23 ақпан күні дене шынықтыру жетекшісі Есимов Таңаттың ұйымдастыруымен "Отбасымен бірге" тақырыбында отбасылық эстафета өтті.         Іс - шара мақсаты: ата - аналарды балабақша өміріне белсене қатыстыра отырып, балалардың денсаулығын нығайту, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту.          Қатысушы отбасылар "Қыран", "Сүңқар", "Жалын", "Тұлпар" топтары болып бөлініп жарысқа түсті. Жарыс барысында ата - аналар
"Ана, әже және мен" отбасылық байқауы
21
февраль
2023
"Ана, әже және мен" отбасылық байқауы
https://youtu.be/WPSLrhYVol0  "Балақай" тобының тәрбиеленушісі Абай Аянат Халықаралық әйелдер күніне арналған "Ана, әже және мен" отбасылық байқауына анасы және әжесімен қатысып, отбасылық құндылықтардың ұрпақтан - ұрпаққа берілетіндігін көрсетті.
"Ұлттық тәрбие негізі - балабақшада" тақырыбында іс - шара
21
февраль
2023
"Ұлттық тәрбие негізі - балабақшада" тақырыбында іс - шара
“Күншуақ” мектепалды тобының тәрбиешісі Мұқашева Гүлдана балаларды Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақ халқының ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрі, ұлттық ойын түрлері туралы түсінік берді.
"Біздің шығармашылық" бейнелеу өнері жетекшісі Сисенова Рауза
15
февраль
2023
"Біздің шығармашылық" бейнелеу өнері жетекшісі Сисенова Рауза
"Біздің шығармашылық" тақырыбында бейнелеу өнері жетекшісі Сисенова Раузаның тәрбиеленушілермен бірге орындаған шығармашылық жұмыстары.    Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды игеруі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады.
"Көңілді математика" тақырыбында іс - әрекет
10
февраль
2023
"Көңілді математика" тақырыбында іс - әрекет
2023 жылдың 10 ақпан күні тәрбиеші Джуманазарова Загипа Сайлауқызы "Балақай" ересек тобымен "Көңілді математика" тақырыбында іс - әрекет ұйымдастырды. Мақсаты: балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту арқылы 5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру. Іс - әрекет мақсатты ойындар арқылы ұйымдастырылып, шығармашылық орталықта балалардың қызығушылығын ескере отырып, ұлттық ою - өрнекті қолданып ұжымдық жұмыстар орындалды.
"Жұлдыздар" мектепалды тобы "Мұз айдынында" атты эстафеталық жарыс
25
январь
2023
"Жұлдыздар" мектепалды тобы "Мұз айдынында" атты эстафеталық жарыс
 2023жылдың 25 қаңтар күні "Жұлдыздар" мектепалды тобының тәрбиешілері М.Байкараева мен М.Байтелиеваның ұйымдастыруымен ата - аналарды балабақша өміріне белсене араластыру мақсатында "Мұз айдынында" атты эстафеталық жарыс өткізілді.
"Бауырсақ" ересек тобы "Құтты болсын, Жаңа жыл" атты ертеңгілігі.
27
декабрь
2022
"Бауырсақ" ересек тобы "Құтты болсын, Жаңа жыл" атты ертеңгілігі.
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағұлматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қызғушылығын арттыру.Балаларды бір - біріне деген достық сезімге,  сүйіспеншілікке тәрбиелеу.