Ертөстік
Қабылдау бөлімі:
(872637) 2-10-44
+77072787737
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Шығармашыл жас маман" атты аудандық  байқауы
11
апрель
2019
"Шығармашыл жас маман" атты аудандық байқауы
"Шығармашыл жас маман" атты аудандық  мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің кәсіби беделін арттыру және жас мамандарға қолдау көрсету, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында өткізілді. Аталған байқаудан "Балдырған" балабақшасының шығармашыл жас маманы Алмуканова Венера Архабекқызы жүлделі І орынды иеленді.
"Көбелек" ортаңғы тобы ашық оқу қызметі
15
апрель
2019
"Көбелек" ортаңғы тобы ашық оқу қызметі
Тәрбиеші Сағындықова Жанар "Көбелек" ортаңғы тобында "Білім әлеміне саяхат" тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өткізді. Коммуникация, Таным, Шығармашылық білім салаларын кіріітіре ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиеші бір жыл бойына үйреткен білім, білік дағдыларын шеберлікпен көрсете білді. Воскобовичтің технологиясын және дәстүрден тыс әдістерді қолдана отырып, тапсырмаларды орындатты.
"Краски" ересек тобы ашық оқу қызметі
15
апрель
2019
"Краски" ересек тобы ашық оқу қызметі
Тәрбиеші Кахарманова Сабира "Краски" ересек тобымен Коммуникация білім саласының Сауат ашу оқу қызметін ұйымдастырды. Ашық оқу қызметі барысында балалар сөздегі дыбыстар орынын анықтап, сөздерге дыбыстық талдау жасап, сөйлемді түріне қарай ажырату секілді тапсырмаларды орындады.
"Жұлдыздар" ересек тобы ашық оқу қызметі
17
апрель
2019
"Жұлдыздар" ересек тобы ашық оқу қызметі
Тәрбиеші Елибаева Жазира Коммуникация білім саласы Сауат ашу оқу қызметінен "Әсеммен саяхат" тақырыбында ашық оқу қызметін шеберлікпен ұйымдастыра білді. Оқу қызметі барысында балалар сөйлем түрлерін ажыратып, сөздерге дыбыстық талдау, дыбыстардың орынын анықтап тапсырмалар орындады. Дидактикалық ойындар ойнатылып, балаларға қызықты оқу қызметі өтті.
"Қарлығаш" ортаңғы топ ашық оқу қызметі
17
апрель
2019
"Қарлығаш" ортаңғы топ ашық оқу қызметі
Тәрбиеші Жаманбалаева Зоя "Қарлығаш" ортаңғы тобымен "Нан дастарханға қалай келеді?" тақырыбында ашық оқу қызметін ұйымдастырды. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып қолданған дидактикалық ойындары арқылы балаларға тапсырмалар орындау қызықты болып, белсенділік танытты.
"Қарлығаш" ортаңғы топ ашық оқу қызметі
18
апрель
2019
"Қарлығаш" ортаңғы топ ашық оқу қызметі
Тәрбиеші Джанкараева Гүлнұр "Қарлығаш" ортаңғы тобымен "Әжейдің туған күні" тақырыбында ашық оқу қызметін ұйымдастырды. Оқу қызметінде В.Воскобович технологиясының желкенді кеме, киюзенер таяқшалары және интерактивті тақтаны қолданып Дара мульсериалының желісімен өткізді.
"Жұлдыздар" ересек тобы ашық оқу қызметі
19
апрель
2019
"Жұлдыздар" ересек тобы ашық оқу қызметі
Бейнелеу өнері жетекшісі Сисенова Рауза "Жұлдыздар" ересек тобымен "Бояулар әлемі" тақырыбында ашық оқу қызметін өткізді. Табиғи өнімдерден әр түрлі бояу түстерін алуға болатынын тәжірибе жасай отырып, дұрыс бояуға үйрету мақсатында балаларға қызықты оқу қызметін өткізді.
"Балдырған" ортаңғы тобы ашық оқу қызметі
19
апрель
2019
"Балдырған" ортаңғы тобы ашық оқу қызметі
Сахариева Динара "Балдырған" ортаңғы тобымен "Көктем ғажайыптары" тақырыбында ашық оқу қызметін ұйымдастырды. Оқу қызметі барысында "Мнемокесте" әдісін, ТРИЗ технологиясының элементтерін қолдана отырып, ермексазбен бояу әдістерін тиімді пайдаланып, балаларды қызықтыра білді.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Қарлығаш"ортаңғы тобы
20
январь
2020
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Қарлығаш"ортаңғы тобы
"Қарлығаш"ортаңғы тобында тәрбиеші Джанкараева Гүлнұр "Әжеме қонаққа барамыз" ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өтті.