14
ноябрь
2018
Жалпыхалықтық диктант жазылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы Жарлығына және ҚР Премьер-министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2018 жылы 14 қараша сәрсенбі күні сағат 11:00 де Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округ әкімі аппаратының «Балдырған» балабақшасында жалпыхалықтық диктант жазылды.
Негізгі мақсат латын графикасы негіздегі қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу мен қатысушылардың өзін-өзі бағалау мен бейімделу. «Рухани жаңғыру» тақырыбында жазылған диктант 30 минутқа созылды. Түрлі сайттардан онлайн түрде таралған диктант бір күнде, бір мезетте жазылды. Көлемі 80-90 сөзді құрайтын мәтін үш рет дыбысталды. Осы кезең аралығында диктант жазушылар оны тыңдап, жазып, қайта тексеріп үлгерді. Соңында латын графикасына негізделген Қазақ әліпбиінде жазылған мәтіннің дұрыс нұсқасы беріліп, жазған азаматтар өз қателерін өздері тексерді.