"Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде!" атты облыстық акциясы
Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылдың 26 қарашасы күні үш тұғырлы тіл саясатын насихаттау мақсатында "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде!" облыстық акциясын өткізді. "Краски" және "Жұлдыздар" ересек топтарының бүлдіршіндері үш тілде тақпақ, ән айтып, патриоттық тақырыптағы әндерден құралған жаппай би яғни флешмоб билеп өз өнерлерін ортаға салды. Үш тілде өнер көрсеткен балабақша тәрбиеленушілеріне басқарма тарапынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды