Ертөстік
Қабылдау бөлімі:
(872637) 2-10-44
+77072787737
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ертегілер еліне саяхат" спорттық ойын сауық
20
сентябрь
2023
"Ертегілер еліне саяхат" спорттық ойын сауық
Міндеті: Балалардың денесін шынықтыру, денсаулығын нығайту, дұрыс өсіп қалыптасуына үйрету, қызықты көңілді ойындарды пайдалану арқылы және ертегі еліндегі саяхат арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру
Ұлттық домбыра күні
30
июнь
2023
Ұлттық домбыра күні
Ұлттық домбыра күні балабақшада балалардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін,  халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу мақсатында іс - шара ұйымдастырылды.
"Жаз ханшайымы - 2023" сайысы
15
июнь
2023
"Жаз ханшайымы - 2023" сайысы
Балабақшаның 2022-2023 оқу жылының жаз мезгіліне арналған жоспарына сәйкес "Жаз ханшайымы - 2023" атты қыздар арасында сайыс өтті. Балалар бойында эстетикалық талғамды қалыптастыра отырып, ата - аналармен бірлесе балалардың өнерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған іс - шарада балалар белсене ат салысып қатысты. "Жаз ханшайымы - 2023", "Өнерлі ханшайым", "Сұлу ханшайым" және т.б номинациялармен марапатталып, сыйлық берілді.
"Бір шаңырақ астында - бірлігіміз жарасқан" атты өткізілген іс - шара
31
май
2023
"Бір шаңырақ астында - бірлігіміз жарасқан" атты өткізілген іс - шара
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай "Бір шаңырақ астында - бірлігіміз жарасқан" атты өткізілген іс - шара.  Мамырдың бірі, достық күні Ән салып, билеген халықтың үні. Тұтасып, тойлаған ұлттар, Керемет мереке, мамырдың бірі
" Жыл басы - Наурыз мереке" атты іс - шара
17
март
2023
" Жыл басы - Наурыз мереке" атты іс - шара
Жыл басы - Наурыз мереке, Ақ нұрға әлем боянды. Наурыз тойы береке Тіршілік жаңа оянды! Жылдың басы Наурыз, Жердің басы Наурыз. Мерекеге арналсын Бүгінгі жыр- әніміз.
"Аяулы анашым!" тақырыбында ертеңгілік "Айгөлек" ортаңғы тобы
06
март
2023
"Аяулы анашым!" тақырыбында ертеңгілік "Айгөлек" ортаңғы тобы
"Айгөлек" ортаңғы тобының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен "Аяулы анашым!" тақырыбында ертеңгілік өтті. Ертеңгілік барысында аналарымызда белсенділік танытып өз өнерлерімен бөлісті. Балалар өз кезегінде ән айтып, би билеп аналарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
"Аяулы анашым!" атты ертеңгілік "Ботақан" ортаңғы тобы
06
март
2023
"Аяулы анашым!" атты ертеңгілік "Ботақан" ортаңғы тобы
"Ботақан" ортаңғы тобының бүлдіршіндері мерекелік ертеңгілікте өз өнерлерін көрсетіп ән айтып, би билеп, аналарына арналған өлеңдерін айтты.
"Әлемнің жарығын сыйладың сен маған" атты ертеңгілік "Жұлдыздар" мектепалды тобы
03
март
2023
"Әлемнің жарығын сыйладың сен маған" атты ертеңгілік "Жұлдыздар"
"Әлемнің жарығын сыйладың сен маған" атты ертеңгілікті "Жұлдыздар" мектепалды тобының тәрбиешілері М.Байкараева мен М.Байтелиева ұйымдастырды. Балалардың анаға, әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, құрметтеуге, сыйлай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту мақсатында тәрбиешілермен қатар ата - аналарда ертеңгілікке белсене қатысты.
"Ана - өмір шырағы" атты ертеңгілік "Балдырған" ортаңғы тобы
03
март
2023
"Ана - өмір шырағы" атты ертеңгілік "Балдырған" ортаңғы тобы
"Балдырған" ортаңғы тобы балаларға аналар мерекесі туралы мағлұмат бере отырып, аналарды сыйлауға, құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында "Ана - өмір шырағы" атты ертеңгілік өтті. Балалар ән салып, би билеу арқылы мерекелік көңіл күй орнатып, ата - аналармен бірлесе ойындар ойнатты.
"Балақай" ересек тобы мерекелік ертеңгілік
02
март
2023
"Балақай" ересек тобы мерекелік ертеңгілік
"Балақай" ересек тобы тәрбиешілері З.Жұманазаровамен Н.Ибрагимованың ұйымдастыруымен мерекелік ертеңгілік өтті. Ертеңгілік барысында балалар аналарына арналған өнерлерін көрсеттті. Сонымен қатар  ертеңгілікке ата - аналар белсене қатысып, балаларға арналған "Қызыл текпек" ертегісін сахналады.