1 - Наурыз "Алғыс айту күні" атты іс - шара.
1 - Наурыз "Алғыс айту күні" мерекесіне орай "Балдырған" балабақшасында "Алғысым шексіз сіздерге" атты мерекелік іс - шара өтті. Ерсек топтарының өнер көрсетуімен өткен ертеңгілік барысында балалар би билеп, "Әр қашан күн сөнбесін", "Ризамын" атты әнін шырқап, ата - аналарына, тәрбиешілерге арнап тақпақтарын айтты. Меркелік іс - шара соңында балалар ата - аналарын арнап жасаған қол өнерлерін тапсырып, ата - аналар өз тараптарынан балабақша қызметкерлеріне алғысын білдірді.