Ертөстік
Қабылдау бөлімі:
(872637) 2-10-44
+77072787737
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2022

"Балдырған" балабақшасының даму жоспары

Байзақ ауданы «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 

Стратегиялық жоспары 

























Балабақша аннотациясы


Мекеменің мекен-жайы

Байзақ аудыны, Сарыкемер ауылы Сыздықбаев көшесі №3

Ашылған жылы

1983 жыл

Мекеменің толық атауы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің  «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Балабақша меңгерушісі


Садықбекова Гүлмира Тилепалдықызы

Жобалық сыйымдылығы


280 орын

Жалпы ауданы


1948 кв.м

Ғимарат жобасы


Типтік, балабақша

 2 қабатты ғимараттан тұрады

Жылу жүйесі

Орталықтандырылған


Оқыту тілі

Қазақ, орыс


Топтар саны

12


Тәрбиеленушілер саны

280


Кабинеттер саны

Барлығы 19

Ø Әкімшілік –3;

Ø Педагогтар кабинеті     – 2;

Ø Медициналық кабинет -1;

Ø Музыкалық зал – 1;

Ø Топтар – 12;

Сапалық құрам 

Барлық педагогтар саны – 36, оның ішінде:

Білім деңгейі:

  • Жоғарғы білімді – 24 (70%);
  • Орта арнаулы –9 (30%);

Біліктілік деңгейі:

Ø Жоғарғы санат   – 2 (5%);

Ø Бірінші санат – 10 (27%);

Ø Екінші санат – 16 (44%);

санатсыз     – 8 (24%).





«Балдырған» балабақшасында білім беруді дамытудың 

2020 – 2025 жылдарға арналған 

Стратегиялық жоспары 

Паспорты


Бағдарламаның атауы

Сарыкемер ауылдық округ әкімі аппаратының «Балдырған» балабақшасында білім беруді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы



Әзірлеуүшін  негіз

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1ақпандағы  №922 Жарлығы,Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» ЗаңыҚазақстан Республикасы Үкіметінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты».

Бағдарламаны әзірлеуші және орындаушы

«Балдырған» балабақшасының ұжымы

Мақсаты

Мектеп жасына дейінгі балалардың білімдерін жан-жақты жетілдіре отырып, баланың психологиялық, денелік жағынан салауатты, құзыретті, қабілетті, еркін ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру;


Бағдарламалық мақсаттар

- педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және педагог мамандығының беделін көтеру;

-  балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;

- тәрбиеленушілердің бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру



Міндеттері

- білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

-балабақшаны жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;педагог қызметкерлердің еңбегін марапаттау мен ынталандыруды күшейту;

-педагогикалық даму процесстерін басқару үшін инновациялық технологияны пайдалану; 

-мекеменің заманға сай материалдық техникалық базасын қалыптастыру; 

-отбасымен тығыз байланысты орната отырып, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; өңірдің білім беру кеңістігінде лайықты орын иелену;



Іске асыру мерзімдері (кезеңдері)

Жоспар     2020 – 2025  жылдар  аралығында     іске  асырылады.

І кезең:     2020- 2021 жылдар балабақшаның     барлық  материалдық – техникалық  базасын жақсартуда тиімді іс-шараларды ұйымдастыру,     педагогтардың теориялық,  кәсіптік құзыреттілігін арттыра отырып  бағдарламаны  іске     асыру.

2 кезең:     2021 - 2022 жылдар жаңашылдық әдіс – тәсілдерді  балабақша     іс – шараларына  еңгізу.  

3 кезең:2022-2023Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін жоғарылату. 

4 кезең:     2024-2025 жыл талдап – қорыту:     қойылған  мақсаттар  мен     жеткен  нәтижені  салыстырып, қорытынды  шығару.


Нысаналыиндикаторлар

-балабақшаның стратегиялық жоспарының  жобасы жасалынған;  

-өңдеу процесінде, жаңа әдістерді қолдануда балалардың жұмыс жүргізуінде педагогикалық кәсіби құзыреттілігін арттыруға жағдай жасалынған;                                                                                     -балабақшада ата-аналар университеті құрылып, жұмысына жағымды көзқарастары қалыптасқан;       

-мекеменің заманға сай материалдық- техникалық базасы жасақталған;      


Бағдарламаны іске асырудағы қауіп-қатер мүмкіншілігі

Педагог кадрлардың өздігінен білім алуға және кәсіби өсуіне ұмтылысының жеткіліксіздігі, ақпараттық –коммуникативтік технологияларды қолданудағы педагогтардың төмен уәждемесі, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің еңбекақы деңгейінің төмендігінен, мамандардың басқа салаға кетуі, білім берудің жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты алға қойылған мақсат, міндеттерге қол жеткізбеу.


Қаржыландырукөздері мен көлемі

Мемлекеттік бюджет тарапынан және спонсорлық көмек арқылы.















1.2    Кіріспе


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдауында «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін, ынтымақты жауапкершілік қағидаты, денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы, мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс»-екенін атап көрсеткен. Балалардың денсаулығын нығайтуда, спортқа әуестендіріп, күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтыру,салауаттылыққа тәрбиелеу мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты.

Жан-жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті. Ағзаны шынықтыру бала денсаулығын күшейтудің ең негізгі жолы. Шынықтыру дене тәрбиесінің маңызды бөлігі, ол табиғи факторлардың үйлестірілген әсерлеріне жүйелі түрдегі жаттығулар арқылы орындалады.

Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы, дене бітімі үйлесімді,әрі сымбатты келеді және ауа-райының кез келген жағдайында жеткілікті дәрежеде серуендей алады.

Денсаулық табиғаттың берген құнды байлығы,оны бастапқы күйде сақтау ол адамның жеке салауатты өмір сүруіне байланысты екенін есте сақтай отырып, шынықтыру жұмыстары жергілікті жердің климаттық жағдайларына сай жүргізілуі керек. Баланың дене құрылысын шынықтырушы іс- шаралар балаға ұнап, жақсы эмоция тудырады.

         Стратегиялық жоспарда  алға қойған мақсат  - денені жан-жақты дамыту, баланың  дене құрылысын,  шынықтыру іскерліктерін қалыптастыру, денсаулық сақтайтын технологияларды жүзеге асыру.

Осы жоспар балабақша педагогтары М.Е Кичко,   Н Берикова, О.В Логиновалардың жұмыстарына сәйкес балалардың  денсаулығын инновациялық жолдар арқылы нығайтуда «Балабақшаға денсаулық үшін!»  бағдарламасына негізделіп әзірленген.  






Стратегиялық жоспардың мақсаты:

Психо-физиологиялық және денелік жағынан салауатты, құзыретті, қатынас-байланыстық және шығармашылық дағдыларды меңгерген, қоршаған ортада өмір сүруге қабілетті, сергек және еркін ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Міндеттері:

1. Балалардың өмірін қорғауға және денсаулықты нығайтуға жағдай жасау;

2. Денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып,  балалардың толыққанды денесін және психикасын дамытатын, ағзаны шынықтыратын, негізгі қимылдарды дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету;

3. Балалардың дербес ойындарында  қимыл белсенділігін реттеуге ықпал ететін жағдайлар жасау;

4. Бала денсаулығын нығайту және шынықтыру тәрбиесінің  жиынтық жүйесін құрау; 

4. Балаларды ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына ықпал ету. 

Әлеуметтік тапсырма

1.Мемлекет

2.Ата-ана

3.Жергілікті қоғамдастық

Күтілетін нәтижелер:

Қимыл қозғалысы, белсенді тәні шыныққан, дені сау баланы тәрбиелеу. Мектепке дейінгі бүлдіршінді патриоттық сезімде рухани дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу.

Баланы логикалық ойлауға, шығармашылық елестетуді қабылдауға, өз білімін күнделікті өмірге пайдалануға үйрету.

Баланы ой-өрісін, білім қорын дамыту. Бүлдіршінге өзіне тән ойларды қамтуды, есте сақтауды және ойын қорытындылай білуді меңгерту керек. Әдептілікті бойына сіңіру, сыпайылыққа баулу.










1.3 Білім беру мекемесі туралы   ақпараттық-талдамалық мәліметтер


Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округ әкімі аппаратының «Балдырған» балабақшасы 1983 жылдан бастап жұмыс істейді. 

Мекен-жайы:Сарыкемер ауылы, Сыздықбаев  көшесі №3

Оқу тәрбие жұмысы  қазақ, орыс тілінде жүргізіледі.

Салынған жылы –1983жыл.

Жалпы көлемі – 3058,5 кв.м

Құрылыс көлемі - 8413 м2

Ғимараттың көлемі – 562,40 м2. Ғимаратта 12 топтық бөлмелер, музыка залы, медициналық блок (мед.бике бөлмесі, егу және оқшаулау кабинеттері), әдістемелік кабинет, психолог және логопед, сурет кабинеттері және дамыту орталығы, құм терапиясы бөлмесі бар.

Қабырға материалы - ж/б панель

Шатырдың материалы - қара қағаз (рукан)

Мектепке дейінгі мекеме түрі: жалпы білім беретін, тіл кемістігін түзейтін.

Басты қызметі:-тәрбиелеу;

-оқыту;

Негізгі қызмет түрі:-дамыту;

-сауықтыру;

Жобалық  сыйымдылығы – 280 орын.

Қазіргі таңда 12 топ жұмыс істейді, ондағы бала саны –280

Бекітілген штаттық кесте бойынша балабақшада 70 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде білім беру және тәрбиелеу үрдісін 36педагог жүргізеді, яғни жалпы еңбек өтілдері 2 жыл - 25 жыл аралығында. Барлық қызметкерлердің оқу жүктемелері штаттық кестеге сай. 

Жоғары білімді – 39 педагог, 79%,  арнаулы орта білімді –  10 педагог, 21%.  Жоғары санатты – 4 педагог, 8%,  І санатты – 11 педагог, 22%,  ІІ санатты- 17 педагог,  35%, санаты жоқ- 17 педагог,  35% құрайды.   

Білімін жетілдіру курсынан 49 педагог өтті.  49 педагогтың - 100% құрайды. 

Балабақшада   2 логопед,  1 ағылшын тілі мұғалімі,  3 музыка жетекшісі, 1 психолог, 3 дене шынықтыру жетекшісі, 1 хореограф, 1 бейнелеу өнері жетекшісі, 1 орыс тілі мұғалімі жұмыс атқарады.












«Балдырған» балабақшасындағы өзекті мәселелері мен қарама-қайшылықтары


Бүгінгі күні балабақша жұмысы мен жетістіктерін қорыта келе, қанағаттанарлық деп есептеуге болады. Дегенмен,  айтарлықтай мінсіз деп айта алмаймыз. Оған өзіндік бір   белгілі   қиындықтар мен кемшіліктер  себеп. Атап айтсақ:



І


Оқу-әдістемелік     бөлім

 1. Тәрбиеші-педагогтардың  білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды жеткіліксіз   қолдануы.

2. Әдістеме кабинетінде  тақырыптық көрнекіліктер мен жаңа үлгідегі құрал-жабдықтардың   толық комплектіде болмауы.

3.  Балабақшада баланы дамыту, сауықтыру, тіл кемістігін түзеу мақсатында     педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмыс түрлерінің аздығы.

4.Озық іс -тәжірибені жинақтау, тарату жұмысының төмендігі.

5.Балабақша қызметкерлерінің және балалар арасында бәсекелестікке дайындық дәрежесінің төмендігі.

6. Дене шынықтыру залының жоқтығы

7.Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға байланысты,балабақша өмірі мен іс-шараларға  аз тартылуы

ІІ

Ғылыми -әдістемелік бөлім

 Тәрбиешілер мен педагогтер ортасында тәрбие мен білім беру үдерісін дамыту,сапасын арттыру,балалардың қызығушылығы мен шығармашылығын арттыруға бағытталған шығармашылық ,ізденіс жұмыстары жетіспейді (авторлық бағдарлама,озық іс-тәжірибелер,шығармашылық жұмыстар т.б.) 

ІІІ

Материалдық-техникалық бөлім

  1. Материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі

 ( топтардағы ойын бөлмесіне және жатын бөлмелерге бақылау камерасы, бейне –фото камера,  дене шынықтыру құрылғыларыт.б)

2.Ойын     алаңдары  жабдықтарының жеткіліксіздігі (құм алаңы, ойын құрылғылары т.б)

ІV

Ақпараттық жабдықтар 

 Ақпараттық технологияларды пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыта отырып     мультимедиялық-лингафон бөлмесінің қамтылмауы. 

V

Медициналық қызмет

Заманауи медициналық жабдықтар жеткіліксіздігі. (физотерапия, булау құрылғысы т.б)


Шаруашылық бөлім

Қаражат тапшылығына байланысты ғимарат ауласының күрделі жөндеуден өтпеуі.



«Балдырған» балабақшасындағы білім бағдарламаларының  орындалу сапасының  толық мониторингі


Мониторинг – стартегиялық жоспардың  негізі өзгерістеріне үздіксіз бақылау,мақсатты бағытталған,арнайы ұйымдастырылған.


Белгілі факторлар:

  1. Тәрбиелеу және білім мазмұны;
  2. Бағдарламалардың орындалуы, мемлекеттік стандарт;
  3. Мектепке дейінгі жастағылардың денсаулығы;
  4. Физикалық, ақыл-ой, өнегелі –патриоттық тәрбие;
  5. Балалардың мектепке дайындық деңгейі;
  6. Толық даму үшін жағдайлар жасау;
  7. Ұйымды басқару.

Баға белгілері:

  1. Жек тұлғаның дамуы;
  2. Белгілі интеллектуалдық сапаның қалыптасуы,
  3. Физикалық даму;
  4. Рухани - өнегелі  даму;
  5. Тәртіптілік, жүру мәдениеті

Күтілетін нәтиже:

Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық қызметінің сапа мониторингі Мемлекеттік стандарт талаптарына сай тұрақтандыруға мүмкіндік береді, ол жеке бағыттар бойынша тәрбиеленушілерді тәрбие және оқыту мақсаттарын айқындайды.


















Білім беру қызметіне әлеуметтік тапсырыс


Білім беруге әлеуметтік тапсырыс педагогтер, ата- аналар, балалар арасында әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу арқылы анықталады.

Мемлекеттік қажеттілік:

  • бала өмірін қорғау мен денсаулығын нығайту;
  • мектепке дейінгі жастағы баланың тәрбие мен білім беру.

Отбасылық қажеттілік:

  • бала денсаулығын нығайту жүйелі түрде сауықтыру шараларын алу;
  • білім беру, тәрбиелеу мен бала қабілеттерін дамытуда үздіксіздікті қамтамасыз ету.

Тәрбиеленушілердің қажеттіліктері:

  • қабілеттерді дамыту;
  • жеке мүмкіндіктерді тану;

Ата – аналар күтетін нәтиже:

  • психологиялық және интеллектуалды дамыта отырып, бала денсаулығының нығаюы;
  • жоғары деңгейде баланың тәрбие алуы;
  • жоғары деңгейде білім алуы;

Кәсіби – педагогикалық қажеттілік:

  • оқу – тәрбие үрдісінің гумманизациялылығы және демократиялылығы;
  • әдістемелік жұмыстың теориясы мен практикасының бірізділігі;
  • педагогикалық әрекеттің шығармашылықпен көтерілуі;
  • педагогикалық шеберлік пен кәсіптіліктің көтерілуі.

















«Балдырған» балабақшасының   даму кеңістіктері 


Ата- аналардың даму кеңістігі

  • Отбасының балабақшаға қатынасы.
  • Сабақтастық
  • Отбасындағы тәрбие стилі
  • Ата- аналық бірлестік

Педагогтардың даму кеңістігі

  • Кәсіптік шеберліктің өсу перспективаларының шектеусіздігі – ынтымақтастық, өндірушілік.
  • Педагогикалық бірлестік ( ұжымдағы әлеуметтік-педагогикалық климат) ұжымы.

Баланың даму кеңістігі

  • Пәндік – даму орта 
  • Білім кеңістігі 
  • Қосымша білімдік кеңістік
  • Құрама медәлеуметтік психологиялық қамтамсыздандыру
  • Балалық бірлестік.

























2020-2025жж  «Балдырған» балабақшасының болашақ 

жоспар-моделі.


Көрсеткіштер 

Даму режимі

Мектепке дейінгі мекеме түрі кейпі

Инновациялық 

Басқару мақсаттары мен міндеттері

Мобилизация,иілгіштік және вариативтік қамту мақсатымен оқу-тәрбие процесінің компоненттерін жаңарту.

Басқару обьектісі

Ұжымдық субьекті

Басқарудың ғылыми концепциясы мен әдістемесі

Даму бағдарламасы мен кешенді-арнаулы бағдарламасының құрылу және мотивациялық арнаулы бағдарламаны басқару.

Мотивациялық қамтамасыз ету

Шығармашылық атмосферасын құру (материалдық және моральдық ынталандыру)

Оқу-тәрбие процесі

Динамикалық процесс, жаңа сапалы нәтижеге жету

Білім мазмұны

Даму жоспарын және жаңа бағдарламаларды қолдану

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

Деңгейлі, сатылы, үздіксіз білім

Кадрмен қамтамасыз ету

Жарыстық негіз, бәсекелестікке икемділік, инновациялық дайындалу әдістері және вариативтік

Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

Авторлық және инновациялық әдістер

Қаржылық қамтамасыз ету

Бюджеттік және бюджеттік емес қаржыландыру

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Динамикалық даму нәтижелері-үнемі үлкейтілетін қамтамасыздандыру.












«Балдырған» балабақшасының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың 

2020-2025 жылдарға арналған

 ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 

Мақсаты: Тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытып, жеке тұлға ретінде қалыптастыру, мектепке дайындау.   Баланың толыққанды дене бітімінің   дамуына, негізі құзіреттіліктің   маңыздылығын қалыптастыруға   мүмкіндік беретін қолайлы, заттық дамытушы ортасын құру және бала ағзасының  қимыл дағдыларының   мүмкіндіктерін жетілдіру. 


Іс-шаралар атауы 

Мерзімі 

Жауапты 


І. Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту


1

Балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіне балаларды шынықтыру-сауықтыруға бағытталған түрлі әдістерді қолдануды дәстүрге айналдыру .

Үнемі 

Дене шынықтыру нұсқаушылары


Балабақша базасында аудандық, облыстық деңгейдегі  семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру.

Жыл бойы 

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

2

Денсаулық сақтау технологиялары бойынша әдістемелік, авторлық жұмыстарға жан-жақты қолдау көрсету, көрме ұйымдастыру.

Жыл бойы 

Әдіскер 

Ж.Исаева


II. Басқару және ғылыми-әдістемелік жұмыс

1

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге  және балабақшаның  дамуы бағдарламасына сәйкес жылдық жұмыс жоспарын әзірлеп, бекіту.

Жыл сайын қыркүйек

Әдіскер 

Ж.Исаева

2

Оқу бағдарламарын жүзеге асырудың жаңа технологиялық әдістерін қолдануды жолға қою.

Үнемі 

Әдіскер 

Ж.Исаева

3

Авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік материалдар, тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған ұсынымдар т.б әзірлеу.

2020-2021 оқу  жылы     

Әдіскер 

Ж.Исаева


ІІІ. Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру 

1

Бөбекжай-бақша педагогтерінің біліктілік санатын көтеру. 

Жыл сайын 

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

2

Педагогтердің аттестаттаудан уақытымен  өтуіне жан-жақты қолдау көрсету.

Жыл сайын

Әдіскер 

Ж.Исаева

3

Тәжірибелі тәрбиеші-педагогтердің шеберлік сыныптарын ұйымдастыру

Үнемі 

Әдіскер

Ж.Исаева

4

Жас мамандар мектебінің жұмыс жоспарын бекіту, оларға жан-жақты көмек көрсету 

Қыркүйек, жыл бойы 

Әдіскер

Ж.Исаева

5

Педагогтердің аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатысуына қолдау көрсету

Жыл бойы 

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

6

Озық тәжірибе негізінде жұмыс істейтін педагогтер тәжірибесін тарату жүйесін жасақтау 

2020-2025 оқу жылы 

Әдіскер 

Ж.Исаева

7

Бөбекжай педагогтерінің жұмыс тәжірибесі туралы бұқаралық ақпарат     құралдарында материалдар жариялауына ықпал ету

Жыл бойы 

Әдіскер 

Ж.Исаева



IV. Балаларды мектепке сапалы дайындау

1

Мектепалды даярлық топтарында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын     ендіру 

2019-2020 оқу жылы 

Әдіскер 

Ж.Исаева

2

ТРИЗ технологиясын, «Жылдам оқу» технологиясын ендіру, тәжірибеде қолдану

2019-2020 оқу жылы

Әдіскер 

Ж.Исаева

3

Латын графикасын көшіруге дайындық жұмысын қолға алу 

2020-2021 оқу жылы 

Әдіскер Ж.Исаева

V.Ата-аналармен жұмыс 

1

Ата-аналармен жұмыс жоспарын әзірлеу, бекіту

Қыркүйек, жыл бойы 

Әдіскер

Ж.Исаева

2

Бала тәрбиесі тақырыбына ата-аналармен түрлі бас қосулар және  спорттық, мәдени іс-шаралар, тренингтер  ұйымдастыру

Тоқсан сайын 

Әдіскер Ж.Исаева,

тәрбиешілер

3

Педагогтің ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеуіне мән беру

Үнемі 

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

4

Ата-аналарды балабақша ішілік және қоғамдық жұмыстарға тарту, олардың балабақша жұмысы туралы ұсыныс, пікірлерін тыңдауды дәстүрге айналдыру

Үнемі 

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

5

Балалар ойнайтын алаңдарды атрибуттармен толықтыруға көмектесуге шақыру 

Үнемі 

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

6

Ата-аналарға арналған Ашық есік күндерін, апталықтарды тұрақты ұйымдастыру, бала тәрбиесіне байланысты психологиялық сауалнамалар жүргізу 


Жыл бойы

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

VІ. Балабақшаның материалдық –техникалық базасын нығайту 

1

Жаз маусымында шынықтыру-сауықтыру алаңын жасау

2020-2021 оқу жылы 

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

2

Спорттық ойыншықтар қорын толықтыру,  жаңарту.

2020-2021  оқу жылы

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

3

Ертеңгіліктерге балаларға арналған мерекелік костюмдер тіккізу.



4

Дене шынықтыру алаңын қауіпсіздік резинасын төсеу

2020-2021  оқу жылы

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

5

От жағу бөлмелерін жекелендіріп, ғимараттан бөлек орналастыру

2020-2021  оқу жылы

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

6

Ғимарат алдына спорттық зал құрлысын жүргізу

2021-2022   оқу жылы

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

7

Әр топтың ойын және жатын бөлмелерін бейне бақылау орнату.

2021-2022   оқу жылы

Меңгеруші 

Г.Садықбекова

8

Балабақша ауласын жөндеу жұмыстарына

2022-2023 оқу жылы 

Меңгеруші 

Г.Садықбекова







Мақсаттар:

1. Балалармен жұмыс

1.1. Әр баланың бойындағы қабілеттерін ашу: мемлекеттік талап негізінде білім беру процесіне жоғары ғылыми-әдістемелік қостаумен қамтамасыз ету.Баланың әдептілік-рухани, эмоцианалдық әлемін байыту үшін жағдай жасау.

1.2. Баланың өзіне, өз күшіне,мүмкіндіктеріне сенімділігін қалыптастыру.Мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес әр тәрбиеленушінің тұлғалық-шығармашылық қатілетінің ашылуына заттық-дамытушылық, білім беру кеңістігін ұйымдастыру.Тәрбиеленушілердің келесі жас сатысына өтуіне қолайлы жағдай жасау.

1.3. Экологиялық мәдениет негіздерінің қалыптасу процесінде тәрбиеленушінің танымдық белсенділігінің дамуына ықпал ету: тәрбиеленушінің қоршаған ортаға көзқарасын және оңды қабылдауына жағдай жасау.Табиғаттағы барлық тірі және өлі заттардың өзара байланысын саналы түсінуін қалыптастыру.

1.4. Тәрбиеленушінің әдептілік-патриоттық сезімін ояту мақсатында жұмыс жасау.

2. Педагогтармен жұмыс

МДҰ-дағы педагогтардың әлеуметтік белсенділіктерін көрсету үшін және кәсіби-шығармашылық өсуіне жағдай жасау.

3. Қоршаған ортамен жұмыс

3.1. Мектеппен балабақша сабақтастық жүйесін жетілдіру.

3.2. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру барысында қоғамдық, мемлекеттік, жекеменшік мекемелермен әріптестікті кеңейту.

4. Ата-аналармен жұмыс

МДҰ мен отбасының бала тәрбиесімен оқытуындағы бірлескен жұмысын жүйелендіру, отбасының педагогикалық потенциалын бақылап белсендіру.

5. Заттық-дамытушылық орта

Үнемі жаңарып отыратын тәрбиеленушілер мен ата-аналар сұраныстарынабайланысты заттық-дамыту орталығының дамуын қамтамасыз ету.


Күтілетін нәтижелер

1. Шынықтыру-сауықтыру шаралары арқылы  тәрбиеленушілердің физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулығын  қалыптастыруға, сақтауға және нығайтуға бағытталған шынықтыру жұмыстарының сапасын көтеру.

2. Тәрбиешілердің жаңа білім бағдарламаларымен жаңа технологияларды меңгеру арқылы баланың тұлғалық қабілетінің дамуын қамтамасыз ету.

3. Білім беру қызметінің жоғары сапасын сақтау.

4. Тәрбиеленушілердің заман талабына сай әдептілік-патриоттық тәрбие жүйесін сәйкестендіру.

5. Шынықтыру, білім беру және баланы тәрбиелеу , дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға сапалы кеңес беру.

6. Қызметкерледің құқықтық мәдениет деңгейін көтеру.

7. Балабақашөміріне ата-аналардың қатысуын кеңейту.




«Балдырған» балабақшасының даму аймақтары



 









І. Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуБалалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту

Мақсаты: Баланың физикалық және моторлық дамуының көрсеткіштерін жақсарту, өмірлік маңызды қимылдардың дағдысын, сапасын меңгеру, ағзаны шынықтыру, оның қорғаныс күшін және қарсы тұрғыштығын арттыру;

Міндеттері:

мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау; 

- денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану әдістемесін ұсыну;

- білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру;

- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық-техникалық база қалыптастыру.



Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту




Дене шынықтыру ҰОҚ


  • денсаулық сақтау технологиясын 

қолдану;

  • инновациялық бағыттағы материалдық-

техникалық база қалыптастыру;

  • Спорттық сауықтыру іс-шаралар;
  • Білім беру үдерісіне жұмыстың
  •  «Денсаулық күні», «Дене шынықтыру 
  • минуты», «Таңертеңгілік бойжазу»,
  •  «Қозғалқыштық минут», «Спорттық сағат» формаларын енгізу;
  • Психологиялық қызмет көрсету;













II. Басқару және ғылыми-әдістемелік жұмыс 


Мақсаты: Үздік және жаңашыл тәжірибемен және оның идеяларын шығармашылықпен пайдалану, менеджменттің қызметтерімен және прогрессивті идеялармен, инновациялармен танысу;

 - Педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлеріне оқу сабақтарын өткізу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік материалдар әзірлеу.

Міндеттері: 

Білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін,  педагогика мен психологияның жетістіктерін, өзіндік білімнің іскерлігі мен дағдысын қалыптастыратын, ақыл-ес және танымдық белсенділікті дамытатын әдістерді меңгерту.


Басқару құрылымын, бағдарламаны, жергілікті нормативтік құқықтық құжаттарды, педагогтар қызметіне әдістемелік демеу бағдарламаларын, жетістіктер мен проблемаларға сындарлы талдау жасалған жыл сайынғы жоспарларды әзірлеу.



Педагогтарға алдыңғы қатарлы әдістемелер мен технологияларды меңгеруде әдістемелік көмек көрсету.



Педагогтарды оқыту және білім беру үдерісіне заманауи әлеуметтік-ойындық, ақпараттық, денсаулық сақтау технологияларын, нейро жаттығу әдістемесін енгізу.


Мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша педагогикалық, әдістемелік  кеңестер, семинар-практикумдар өткізу.


«Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мектебі» мен «Жас тәрбиеші мектебінің» жұмысын ұйымдастыру.


Педагогтардың жеке тұлғалық жетістіктерін бағалау.



Педагогтар жұмысындағы қиындықтарды айқындау және талдау жасау мен әдістемелік көмек көрсету.


Озық педагогикалық іс-тәжірибені зерделеу және енгізу.



Педагогтардың өздігінен білім алуының  тиімді жүйесін ұйымдастыру, шығармашылық есептер, тұсаукесерлер.



Авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік материалдар, тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған ұсынымдар т.б әзірлеу


Жұмыс тәжірибесінен баспа беттеріне  материалдар жариялау.



III. Педагог кәсібінің беделін  және олардың сапалық құрамын арттыру,кәсіби шеберлігін арттыру.

Мақсаты: Педагогтардың    кәсіби шығармашылық белсенділігін ынталандыру, білім беру үрдісін жақсарту, педагогикалық ғылым мен педагогикалық тәжірибенің іс - әрекетін жүзеге асыру.  Педагогика және психология саласында теориялық және практикалық, әдістемелік көмек пен жеке консультациялар  өткізуді ұйымдастыру.  

Міндеттері: Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін көтеру;

2023 жылыбалабақшаның мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша педагогтардың санын арттыру және жоғары және бірінші санатты педагогтердің сапалық құрамын 64%  арттыру жоспарлануда. 

Кәзіргі таңдапедагогтардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша 35% құраса, 2023 жылы 60% ға арттыру жоспарланып отыр. 



Мерзімі

Барлығы

Жоғары санатты

І-санатты

ІІ-санатты

Санатсыз

2019-2020 ж

36

2

10

16

8

Пайызы


5%

27%

44%

24%

2020-2021 оқу жылы

36

3

12

16

5

Пайызы


8%

33%

43%

14%

2021-2022 оқу жылы

36

4

15

17

0

Пайызы


11%

42%

35%

0%

2022-2023 оқу жылы

36

5

18

13

0

Пайызы


14%

50%

36%

0%



Педагогика және психология саласында теориялық және практикалық, әдістемелік көмек пен жеке консультациялардың тақырыптары 


Педагогикалық этика ережелері



Педагогикалық мәдениеттің технологиялық компоненттерімен таныстыру


Жұрт алдында сөйлеу әдістемесін меңгеру бойынша әлеуметтік психологиялық ұсынымдар беру


Қалай шешен болуға болады: педагогтарға арналған кеңестер


Кәсібилік – педагогтың өзін-өзі тануының және өзін-өзін дамытуының нәтижесі


Педагогтардың жеке тұлғалық және кәсіби сапаларын диагностикалау, педагог қызметін бағалаудың рейтинг жүйесі жасау 


Тәрбиешілердің педагогикалық және теориялық деңгейін жетілдіру қызметінің жоспары.
 
 

ж/ж

Жоспары

Мазмұны

2019-2020

Зерттеу: 

1. Инфармациялық қамтамасыздандару.
 2. Оқу- әдістемелік қамтамасыздандыру.
 3. Жұмыстың басымды нәтижелі әдіс- тәсілдерді зерттеу және бір тұтас педагогикалық тәжірибе қалыптастыру.

Тиімді басқару және шешім шығаруына қажетті мәлімет банкісін жинақтау. Заман талабына сай тәрбиешіге оқу тәрбие процесінің ұйымдастыруына көмек беру.
 Заттың даму орталығының бағдарламаға сәйкестігін талап ету ( көрнекіліктер, ойыншықтар, техникалық құралдар)

2020-2021

1.Ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру.
 2. Атестатциялы – диагностикалық қамтамасыздандыру.
 3. Алынған нәтижелерді жинақтау және педагогикалық тәжірибені сипаттау.

Оқу- тәрбие процесі заман талабына сай ғылыми жетістіктердің есебімен және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе арқылы іскерлік деңгейінің жоғарылауын болжамдайды. Оқу- тәрбие процесіндегі ауытқуларды бекіту және іскерлік шеберлігінің деңгейін жұмыстың нәтижелерін уақытылы бағалау. Нормативтік-     құқықтық қамтамасыздандыру.

2022-2023

1.Педагогикалық процесін жетілдіру барысында қолданылған  технологиялық тәжірибені көпшілікке тарату және енгізу.
 2. Нормативті құқықтық қамтамасыздандыру.
 3. Материалдық- техникалық және қаржылық қамтамасыздандыру.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің заманның талабына сай жалпы бағыттағы дамуының шешімі болып табылады.
 Мектепке дейінгі мекемелерде әр ұстаздаң құқықтық қорғау, социалды- психологиялық  және іскерлік қолдауы арқылы шығармашылық жағдай жасалады, сондай- ақ ұжымда педагогикалық бірлік кредосы қалыптасады. Балалармен ұйымдастырылған жұмысты заман талабына сай деңгейге шығарады, әр түрлі заттық ортақ тәрбие мен білімді қалыптастырады.


«Балдырған» балабақшасының педагогтарының моделі


Жеке тұлғалық қасиеттері

Кәсіптік мәдениеті

Базалық құзыреттер

Басты құзыреттер

Балаларға деген сүйіспеншілік;

Жан дүниесінің дархандығы мен мейірімділігі;

Жоғары өнегелілік;

Еңбек сүйгіштік;

Тапсырылған іс үшін жауапкершілік; ұжымшылдық сезім. 


Мектепке дейінгі педагогика, балалар  және  жас психология негізерін, дидактика, балалар физиологиясын білуі; мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістемелерін, білім беру технологияларын игерген 

Жоғары зият; сыни ойлау; қойылған мақсатқа қол жеткізу қабілеттілігі; өзіне деген жауапкершілік қабылдауға дайындық; тәлімгер ретінде әрекет ету қабілеттілігі;

Ата-аналармен  ұстамдылық және мақсатты бағытталғандық; адамдармен достық, жайдары, бірақ іскерлік қатынас

Білімге тартылу, кәсіпқойлық және жұмысқа шығармашыл тәсіл;

Табандылық, өзіне деген сенімділік, өнертапқыштық, бастамшылдық пен идеяларды шоғырландыру таланты; өзгерістерге икемділік; өзінің жеке құндылықтарын анықтау шеберлігі дамыған.







IV. Балаларды мектепке сапалы дайындау

         Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесінің алдына «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Мектепке дейінгі білім беруге балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше үйрену дағдысы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет» міндеті қойылды.

Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын іске асыруды балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдыларын және өз бетінше үйрену дағдыларын дамыту. Қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін тиімді құралдарды, әдістерді таңдау. 

Аталған мақсатты іске асыру  үшін келесі міндеттер айқындалды: 

- балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту; 

- мектеп жасына дейінгі балалардың   білік, дағдыларын, рухани- адамгершілік құндылықтартын қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген ұлтжандылыққа толеранттылыққа тәрбиелеу;

- балалардың тарихқа, табиғатқа, мәдениетке және туған өлкенің бай мұрасына сүйіспеншілігін қалыптастыру; 

- ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен өз бетінше оқу дағдыларын дамыту; 

-инновациялық технологиялардың түрлерін қарастыру, мектепке дейінгі мекемелерде оларды қолданудың тиімділігін көрсету.

-  балаларды мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау. 


«Жаңаша білім беру – жаңа заман талабы!»


Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту Қазақстан Республикасында білімнің қоғамдағы мәдени, жасампаз рөлін өркендетуге бағытталған жаңа білім беру саясатымен байланысты.

Жаңартылған білім беру жүйесінде ортақ кеңістікті қалыптастыру қағидасы ретінде мектепке дейінгі білім беру мен мектеп арасындағы сабақтастық пен бірізділікті сақтау маңызды деп санаймын. Яғни орта білім беру жүйесінде білім мазмұнын жаңарту кең көлемде енгізіліп, колледждер мен жоғары оқу орындарында ішінара енгізілуде. Бұл қазіргідей өзгермелі қоғамдағы заманауи өзгерістерге тез бейімделе алатын жан – жақты тұлғаны дамыту үшін, білім беру саласының барлық сатыларының сабақтастығы мен үздіксіздігі қадағалануы тиіс екендігін білдіреді.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту балаларды мектеп қабырғасында оқытуға және келешекте ересек өмірде табысты тұлға ретінде ерте әлеуметтендірудегі бастапқы сатының әлемдік моделі болып табылады. 

Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында көрсеткендей білім беруде 4К моделіне: креативті, сыни ойлауды дамытуға, коммуникативтілік пен командада жұмыс істеуге басымдық беріле бастағаны маңызды қадамдардың бірі деп санаймын. 

Заманауи еңбек нарығында өзекті болып табылатын дағдылар тізімін анықтауға бағытталған ғылыми ізденістер мен зерттеулер халықаралық деңгейде де жүргізілуде. Мысалға, ХХІ ғасыр дағдылары бойынша әріптестік (Partnership for 21st CenturySkills) сыни ойлау, креативтілік, қарым – қатынаста және ұжымдаса жұмыс істеуді ХХІ ғасырдағы білім беру шеңберінің маңызды бөлігі ретінде қарастырады. 

         Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу үдерісін тиімді ұйымдастыруға қабілетті мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында «Балдырған» балабақшасының 2 педагогы «Балабақша тәрбиешілеріне» арналған жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктіліктерін арттыру курсына жіберілді.

         Балабақшамызда 2018 – 2019 оқу жылында  көп тілділік әдісін ендіру бойынша «Мектеп жасына дейінгі балалардың көптілділікке деген қызығушылығын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы арттыру» тақырыбында жоба қорғалып, «Тілдер патшалығы көптілділік орталығы» ашылып, эксперименттік топтармен жұмыс жүргізілді. Жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі ол жаңа инновациялық технологияларды қолдану болып табылады. Осы мақсатта балабақшамызда «ТРИЗ», «Сын тұрғысынан ойлау» технологиялары кеңінен қолданылып, нәтижесінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың 

  • өз бетімен ойлау;
  • өз ойын қорытындылау;
  • зерттеушілік;
  • өз ойын дәлелдеу;
  • командада жұмыс жасау

сынды дағдылар қалыптасқаны байқалды.

         Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі мақсаты баланың жас ерекшелігіне сай әлеуетті мүмкіндіктерін барынша дамытуға, функционалдық тұрғыдан сауатты кез – келген өмірлік жағдайларды меңгерген білім білік дағдыларын тиімді қолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Бала өзіндік әлеуетін байқауы, өзінің күш жігеріне сеніп, іс – әрекетке табысқа жетуді үйренуі тиіс. Бұл оның балабақшадан мектепке көшуін анағұрлым жеңілдетіп, мектепке оқу барысында танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.            



V.Ата-анамен қоғамдастық жұмыстары 


Мақсаты:Педагогтың ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеуіне мән беру, ата-аналарды бөбекшай ішілік және қоғамдық жұмыстарға тарту, олардың балабақша жұмысы туралы ұсыныс, пікірлерін тыңдауды дәстүрге айналдыру.

Міндеттері: Ата-аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне қарай педагогикалық кеңетер беру;

-Ата-аналарды балабақша өмірімен қызықтыру;

-Үлгілі ата-аналарды насихаттау;

-Күнделікті оқу-тәрбие жұмысына ата-аналарды тарту.



Халықаралық отбасы күніне «Отан-отбасынан басталады» тақырыбында кеш ұйымдастыру  

Ата-анамен жұмыс жасау әдістері


Бірлескен экскурссиялар, конкурстар ұйымдастыру 

Бала тәрбиесі тақырыбына ата-аналармен түрлі бас қосулар және       және спорттық, мәдени іс-шаралар, тренингтер  ұйымдастыру


Қамқоршылық кеңесін құру 


Арнайы мамандардың кездесулерін ұйымдастыру

(логопед, психолог ) 

Ата-аналар комитетінің жұмысын қалыптастыру 

Ашық есік күнін ұйымдастыру

«Аялы алақан» кеңес беру пункт қызметін ұйымдастыру        

 




































Ашық және сенімді қарым-қатынас. 

Бұл не үшін қажет?


Уақытты тиімсді пайдалану

Үнемі байланыста болу

Ата-аналар ерікті көмекшілер

Отбасылық газеттер

Отбасындағы болып жатқан өзгерістер

Өз ойларын ашып, ортаға салу

Мақтау хаттары, бақытты сәт жолдауы

 

















Ата-аналармен өткізілетін іс-шаралар 

Мақсаты:ата – аналарды психологиялық – педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, сонымен қатар ата-ананың  педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру, балабақшадағы қоғамдық жұмыстарға тарту. 

Іс – шаралар түрлері

Тақырыптар 

1

Ата-аналар  рингі


«Балаға деген жаңа көзқарасты қалыптастыру»

2

Кейс

«Мектепалды даярлық – үзіліссіз білім берудің алғашқы буыны»

3


Кеңес

 «Бала мінезін тәрбиелеу мәселелері мен демалысын дұрыс ұйымдастыру»

4

Тренинг

«Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам»

5


Баяндама

«Отбасындағы қалыпты және қалыптан тыс дағдарыстардың балаға әсері»

6

Пікір алмасу

«XXI ғасыр ата-анасы қандай болу керек?»

7

Психолог кеңесі

 «Бала тәрбиесіндегі психикалық  ауыр әсерлер»

8

Дөңгелек үстел

«Отбасы махаббаты неде?»



VI.Балабақшаның материалдық –техникалық базасын нығайту


Мақсаты: Бөбекжай-бақшаның  материалдық-техникалық базасын нығайта отырып білімнің сапасын, оқытудың  жаңа технологиясын ендіре отырып дамыту.



Атқарылатын жұмыстар


Жүзеге асырылатын жылдар


1


Жаз маусымында шынықтыру-сауықтыру алаңдарын қайта жөндеуден өткізу

2019-2020 оқу жылы 


2


Спорттық ойыншықтар қорын толықтыру,  жаңарту.

(Балалардың сезім аппаратын нығайтуға және тепе- теңдік сезімін жетілдіруге әр- түрлі қозғалмалы құралдар- тербеткіштер, карусель- турниктер, доңғалақ- самокаттар, тербелгіш-қайықтар орналастыру)

2020-2023  оқу жылы


3


Дене шынықтыру алаңын қауіпсіздік резинасын төсеу

2021 - 2022     оқу жылы


4

 Жол қауіпсізіді ережесіне сәйкес алаң қарастыру, алаңды жасау

2022-2023      оқу жылы

5

Педагогтарға арналған  психологиялық жеңілдену кабинетін ұйымдастыру

2022-2023 оқу жылы 

6

Тәрбиеленушілерге арналған лингафон электронды құрылғыларын орнату

2022-2023 оқу жылы

7

Ғылыми, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет қорын тұрақты жаңартып тұру.

Үнемі 
















Қорытынды


«Балдырған» балабақшасының бітірушісінің моделі


І. Денсаулық және дене дамуы

1. Бітірушінің дене дамуы өз жас ерекшелігіне сәйкес

2. Оқу іс- әрекетін жалғастыруға дайын

-  қозғалыстарды өз жас ерекшелігіне сай орындай алады;

- қоршаған ортаның бағыт бағдарын біледі, қимыл – қозғалысын басқара алады;

- қозғалғыш, епті;

- қолының майда бұлшық еттері дамыған: қалам, қайшыны сенімді игере алады;

- әртүрлі іс- әрекетте күрделі қимыл қозғалыстарды орындай алады.

3. Салауатты өмір сүру әдеті қалыптасқан:

- негізгі гигиеналық дағдылар қалыптасқан, дене тәрбиесінің пайдасы туралы қарапайым түсінігі бар;

- кездейсоқ жағдайда қауіпсіздік ережелерінің негізі қалыптасқан.

ІІ. Танымдық іс- әрекеттерінің дамуы:

  1. Бітірушінің ой- өрісі:
  2. әлем туралы нақты және жалпы түсінігі қалыптасқан;
  3. қоршаған ортадағы құбылыстар мен олардың себеп- салдарын байланыстыра алады.
  4. Бітірушінің тілі:
  5. бітірушінің ауызша сөйлеуі мағыналы, эмоциялы, мәнерлі;
  6. сөзі фонематикалық және грамматикалық жағынан дұрыс қалыптасқан;
  7. сөзді ойлау құралы ретінде қолдана алады: өз ойын жүйелі жеткізе алады, мәтіннің мәнін түсініп, мазмұнды айтып береді.
  8. Бітірушінің өз еріктілігі мен танымдық белсенділігі:
  9. бала белсенді, қызыққыш, тапсырманы қызығушылықпен орындайды, сырттан жетелеуді қажет етпейді;
  10. бітіруші шығармашылық тапсырмаларды  өз бетінше орындай алады;
  11. Интеллектуалдық дағдылары қалыптасқан:
  12. мағыналы қорытындылап және оны сөзбен тура жеткізе алады;
  13. салыстыру, қорытындылау, талдау жасай алады;
  14. қалыптасқан білімі негізінде ойын қорытындылай алады;
  15. оқу іс- әрекетінің элеметтері дамыған.
  16. Зейін, есте сақтау, ойлау психикалық танымдық іс- әрекеттері дамыған:
  17. бала 15 – 20 минут зейінін шоғырландырып, жұмыс атқара алады;
  18. өзінің іс- әрекетін үлкеннің нұсқауымен бағытты түрде жүргізе алады;
  19. өз іс- әрекетін өз бетінше жоспарлап, оның орындалуын іске асырып, бақылай алады.
  20. Көркемдік іс- әрекеттерінің негіздері қалыптасқан (музыкалық, бейнелеу, әдеби, би   және актерлық):
  21. көркемдік ойлауы және сенсорлық қабілеті дамыған.

ІІІ. Тәртібі және қарым – қатынасы:

  1. Үлкендермен және құрбыларымен өзара қарым- қатынас дағдылары мен тәсілдері қалыптасқан:
  2. достық қарым- қатынас орнатады;
  3. ұжымдық іс- әрекет етуге дайын;
  4. келіспеушілікті шеше алады;
  5. Әлеуметтік және этикалық нормаларды сақтай алады.
  6. Табиғатқа, адамға және қоршаған ортаға деген сыйластық қарым- қатынасы қалыптасқан.
  7. Өзінің тәртібін және қарым- қатынасын  басқара алады.

ІҮ. Бітірушінің оқуға мотивациялық даярлығы:

  1. Мектепте оқығысы келеді.
  2. Оқуға деген әлеуметтік және танымдық тілегі бар.

           Стратегиялық жоспарды  жүзеге асыру педагогтардың іскерлік- теориялық деңгейін жоғарлату және балабақшаның тәрбие білім бағдарламасының моделінің нұсқауларын таңдауына көмектеседі, соның нәтижесінде мектеп алды білім жүйесін әлемдік талаптарына сай жеткізеді. Тәрбие – білім процесі бағытының технологиясы және құрылымы іс- жүзінде  асыруда   және өңдеуде негіз болады, нәтижелігін жоғарылатуға, жоспарлауға, ұйымдастыру және бақылау сияқты функцияларды   басқаруға мүмкіндік береді.

          Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып 5 пен 6 жастағыларды мектепке дайын. Отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның  біртұтас жүйелігінің қамтамасыз етуді мақсат етілген. Сондықтанда 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-аналар мен ұстазлар қауымын ерекше толғандырады. Стратегиялық жоспардың мазмұнын іске асыруда білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінеді.  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив