Хабарландыру
Конкурс өткізу туралы хабарландыру!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі тәрбиеші 1 бірлік жүктеме (уақытша декреттегі тәрбиешінің орнына) лауазымына конкурс жариялайды!
Орналасқан жері: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Сыздықбаев көшесі № 3.
Электрондық поштасы: baldirgan1@yandex.kz
Пошталық индексі: 080100
Анықтама үшін телефон: 8(726 37) 2-30-21.
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (15.08.2023 №259 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру « Enbek.kz» сайтына жарияланады.
Бос лауазым атауы: тәрбиеші - 1 бірлік (уақытша декреттік демалыстағы қызметкердің орнына).
Негізгі функфионалдық міндеттері:
- Мекемеде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады;
- Балабақшаның басқа да қызметкерлерімен оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
- Балабақшаға жаңадан келген балалардың бейімделуіне көмектедесі;
- Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды;
- Балабақшада өтілетін педагогикалық кеңестер, семинарларға қатысады. Озық іс-тәжірибесін ендіреді;
- Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, жетілдіріп отырады;
- Балабақшада басшыларының белгіленген тиісті іс-құжаттарын жүргізеді;
- Кесте бойынша қатаң түрде медициналық тексеруден өтеді;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы","Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
Біліктілікке қойылатын талаптар: диплом бойынша тәрбиеші мамандығына сәйкес жоғары және кәсіптік білімін, педагог санатын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДС175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұданәрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11) Тәжірибесі жоқ кондидаттың бейне презентациясы.(өзін –өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720х480.
Кондидат болған жағдайда оның біліміне,жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар (біліктілігін арттыру, ғылыми академиялық дәрижелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар,біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты: 160 000 (жүз алпыс мың теңгеден басталады)
Конкурсқа құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі:
22.05.-29.05.2024 жыл аралығында.
Конкурс І кезеңде өткізіледі
Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері,біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер , өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау,наградалары туралы қандай да болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.
Конкурстың өткізілу мерзімі: 30.05.2024жыл
Сарыкемер ауылы , Сыздықбаев көшесі №3 орналасқан «Балдырған» балабақшасы