Ертөстік
Қабылдау бөлімі:
(872637) 2-10-44
+77072787737
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Балдырған" балабақшасының даму жоспары
08
ноябрь
2022
"Балдырған" балабақшасының даму жоспары
Байзақ ауданы «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  Стратегиялық жоспары  Балабақша аннотациясы Мекеменің мекен-жайы Байзақ аудыны, Сарыкемер ауылы Сыздықбаев көшесі №3 Ашылған жылы 1983 жыл Мекеменің толық атауы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің  «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Балабақша меңгерушісі Садықбекова Гүлмира Тилепалдықызы Жобалық сыйымдылығы 280 орын Жалпы ауданы 1948 кв.м
"Геоконт"  тақтайшасы Воскобович технологиясы
08
ноябрь
2022
"Геоконт" тақтайшасы Воскобович технологиясы
  Мақсаты: ой-өрісін, танымдық қызметін, нақтыланған іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, қажетті тәжірибелік қызметін кеңейту; Дербестікке, жігерлілікке, ынтымақтастыққа, ұжымдыққа, коммуникативтікке тәрбиелеу; Зейінін, есте сақтауын, сөйлеуін, ойлауын, салыстыру іскерлігін, үйлесімін тауып, салыстыруға, қиялдауын, фантазиялауын, шығармашылық қабілетін, оқу уәждемелік қызметін дамыту;
"Өрт - тілсіз жау"  мақсатты ойыны
08
ноябрь
2022
"Өрт - тілсіз жау" мақсатты ойыны
Мақсаты:   Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып,сіріңке, оттық т. б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. 
ТРИЗ технологиясы   «Адасқан сандар» ойыны
07
ноябрь
2022
ТРИЗ технологиясы «Адасқан сандар» ойыны
ТРИЗ технологиясы   бойынша тәрбиеші Мұқашева Гүлдана "Күншуақ" тобының тәрбиеленушілерімен "Адасқан сандар"   атты ойыны. Шарты:тәрбиеші  үйшіктерді ретімен қояды да ,ал сандарды араластырып қояды. Балалар сандарды өсу ретімен үйшіктер көлеміне қарай орналастырады. Балаларға сандардың жарты бөлігі бейнеленген суреттер таратады да, балалар көзбен мөлшерлеп қай сан екенін тауып, үйшіктерге орналастырады. 
"Жұлдыздар" мектепалды тобының "Жомарт  күз " атты ертеңгілігі
27
октябрь
2022
"Жұлдыздар" мектепалды тобының "Жомарт күз " атты ертеңгілігі
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру.Жемістер мен көкөністерді ажыратуға үйрету. Залға көтеріңкі көңіл -күй сыйлап, достық қарым - қатынасты арттыру.
"Ойыншықтардың таңғажайып әлемі"
25
октябрь
2022
"Ойыншықтардың таңғажайып әлемі"
     Тәрбиешілеріміздің өз қолдарымен  жасаған ойыншықтары, әр ойыншық өзіндік мақсатын, міндеттерін қамтиды.    Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, белсенділігі артады, ерлік қасиеті мен қиял-елестері дамиды, яғни, баланың шығармашылық таланты кеңейеді.
"Қазақстан - туған жерім, туған елім" атты мерекелік ертеңгілігі.
21
октябрь
2022
"Қазақстан - туған жерім, туған елім" атты мерекелік ертеңгілігі.
Республика күніне арналған мерекелік ертеңгілік мектепалды топтар арасында "Қазақстан - туған жерім, туған елім" тақырыбында өтті. Ертеңгілік еліміздің Әнұранымен басталып, балалар би  билеп, ән салып, Отан туралы тақпақтарын айтты. Ұлттық ойындар: "Арқан тарту", "Орамал тастамақ", "Ханталапай" ойындары ойнатылды. 
Жалпы ата - аналар жиналысы
21
октябрь
2022
Жалпы ата - аналар жиналысы
2022 - 2023 оқу жылының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 21 қазан күні жалпы ата - аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы өзгерістер таныстырылды.
"Дүкен" сюжеттік - рөлдік ойын
19
октябрь
2022
"Дүкен" сюжеттік - рөлдік ойын
"Дүкен" сюжеттік - рөлдік ойын Балаларға дүкен, дүкенші (тұтынушы туралы түсінік беру) Дүкен адамдарға өте қажет екенін, дүкеннен азық - түлік, ойыншық, аяқ киімдер, ыдыстар т. б. ақшаға алатыны туралы  түсініктерін қалыптастыру. Сұрақ - жауап арқылы балалардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту., балалардың қызығушылығын кеңейту. Балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа баулу және достасып, бірігіп тату ойнауға тәрбиелеу